.jpg)
2022 жыл, 15 сәуір
«ЖАС ҒАЛЫМ-ІV»
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ-ІV» атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясы өткізілді. Конференция онлайн форматта өтті. Конференцияға республикадан 16 университеттің студенттері мен магистранттары қатысты.

2021 жыл, 17-18 ақпан
"Ғалым және ғылыми басылым: ізденіс платформасы"
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастырумен Назарбаев Университетінде 2021 жылы 17-18 ақпанда «ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ: ІЗДЕНІС ПЛАТФОРМАСЫ» атты халықаралық ғылыми семинар өтті. Семинардын мақсаты Қазақстанның ғылыми кеңістігіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын дамытуға ат салысу; жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту; отандық және халықаралық ғылыми басылымдардың талаптарымен таныстыру; қазіргі жаңаша ғылыми парадигмалар аясын анықтау болды.

"Қазақ мақал-мәтелдеріне арналған шетелдік басылымда мақала жариялау" атты вебинар
2021 жылдың 20 сәуірінде Назарбаев Университеті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі қазақ мақал-мәтелдерін зерттеуге арналған шетелдік басылымда мақала жариялау мәселесі бойынша халықаралық онлайн вебинар өткізді. Вебинар барысында Erik Aasland "Peter Lange Publishing" баспасының халықаралық фольклористика сериясы және баспаның талаптары туралы мәлімет берсе, (АҚШ) Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры Г.Ә. Омарбекова халықаралық басылымға ұсынылатын мақаланың құрылымы жайлы баяндама жасады. Вебинар соңында аталған тақырыптар бойынша сұрақ-жауап алмасуда тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берілді. Вебинар материалдарымен сайттағы әдістемелік қор бөлімінде танысуға болады.

2021 жыл, 6-10 желтоқсан
«Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология»
атты семинар
2021 жылдың 6-10 желтоқсан аралығында Қазақ тілі оқытушыларының халықаралы
бірлестігі, Назарбаев Университеті және Сулейман Демирель университетінің ұйымдастыруымен «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілін ЖОО-да практикалық, кәсіби мақсатта оқытудың өзекті мәселелерін талдау, тәжірибемен бөлісу, қазақ тілін шетелдік азаматтарға оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдарын қарастыру.

2020 жыл, 9 қазан
ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ
ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі 2 жылдың ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесін дамыту, халықаралық жобалар аясында қазақ тілі мәселелерін жүйелеу және түркі қауымдастықтарымен, халықаралық тіл оқыту орталықтарымен ынтымақтасу бағыттарында іс-шаралар атқарып келеді. Жиналыста Бірлестіктің 2 жылдық есебін тыңдалды, 2018 – 2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді және қазақ тілін шетелде оқыту мәселелерін талқыланды.

2019 жыл, 12-19 сәуір
Тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Жас ғалым» атты студенттердің ғылыми көрмесі болып өтті.
«Жас ғалым» атты студенттердің ғылыми көрмесіне Нұр-Сұлтан қаласының 5 университеттерінен 60-тан астам студенттер мен профессорлар қатысты. Көрмеге қатысқан ЖОО қатарында: Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті; Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті; Нәрікбаев атындағы Қазақ Заң университеті; Еуразия гуманитарлық институты; «Тұран-Астана» университеті. Ғылыми көрмеде сарапшыларының іріктеуінен өткен үздік 40 ғылыми постерлер мен ғылыми мақалалар қойылды. Студент постерлері зерттеу салалары бойынша 4 ғылыми бағыттар бойынша жүйеленді: Қазақ тіл білімі; Қазақ әдебиеттану ғылымы; Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар; Жаратылыстану-техникалық ғылымдар. Ғылыми постерлер тақырыбы отандық және халықааралық деңгейдегі өзекті мәселелерге арналды.

2019 жылы наурыз
Іскерлік сапар
Назарбаев Университеті, Қазақ тілі және Түркі тілдері департаментінің ассоциативті профессоры Гүлнар Әділдақызы Омарбекова Аризона Университетінің (АҚШ), Таяу Шығыс зерттеулер орталығының (CMES) арнайы шақыруымен 2019 жылы наурыз айында іскерлік сапарда болып қайтты. Сапар барысында америкалық білім беру жүйесінің үш деңгейінде, яғни орта мектеп, колледж және Аризона университеті магистранттары және оқытушыларымен кездесу өтті.

2018 жыл, 16 ақпан
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтті.
Жиналысқа Бірлестіктің Жоғары кеңес мүшелері, ұйымдастыру алқасы, бірлестік мүшелері мен ЖОО профессор-оқытушы құрамы қатысты. Жиналыс барысында Бірлестіктің заңды түрде бекітілген Жарғысы, бірлестіктің 2018-2022 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары, 2018 жылғы жоспары, мүшелік жарна, Бірлестіктің веб сайты таныстырылды. Сонымен қатар,отандық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

2017 жыл, 26-28 қазан
Назарбаев Университеті, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен түркітанудың өзекті мәселелері: ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференция аясында "Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің" жалпы жиналысы өткізілді. Жиналыста Бірлестіктің Жарғысын әзірлеу және Әділет министрлігінде тіркеу, бірлестіктің құрылымын бекіту, Бірлестік Приезидентін, Құрылтайшылар кеңесін сайлау, т.б мәселер талқыланды.

2017 жыл, 10 ақпан
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығы Ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы болып өтті.
Бұл жиында ұйымдастыру комитеті мүшелері бас қосып, қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін айқындау, қауымдастық жарғысын заңдастыру, алдағы өткізілетін іс-шаралар жоспары құру секілді маңызды мәселерді талқылады.

2016 жыл, 24-25 қараша
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІ» атты халықаралық симпозиум өтті.
Симпозиум мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің жаһандану үрдісіндегі даму бағытын нақтылау, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту мазмұнын академиялық және кәсіби бағытқа негіздеу, тілді оқыту үрдісіне озық инновациялық технологияларды қолдану мәселелерін талқылау.
Симпозиум жұмысына еліміздің және шетелдік танымал тілші, әдебиетші, тюрколог ғалымдары, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, білім-ғылым мекемелерінің мамандары, жас ғалымдар қатысты.