top of page

Бірлестік тарихы

Бірлестікке қош келдіңіздер!

WhatsApp Image 2023-11-16 at 13.18.24.jpeg

 

Құрметті қазақ тілі оқытушылары!

Сіздердің қолдауларыңызбен Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі өз жұмысын бастағанын қуана хабарлаймыз!

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» - деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, бүгінгі білімнің мазмұны да, мақсаты да «уақыт талабына бейімделе алатын, заман беталысына қарай мәселелерді белгілей» алатын жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Жаһандық дағдарыстар мен әлемдік ықпалдасу кезеңінде сұрыпталып, тоғыса даму заманында өзектелер білім берудің алдында «Мәңгілік елдің» мәңгілік туын желбіретер ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Тал бесіктен ана тілінде сөйлеп, алғашқы әліппесін бабалар тілінде тани бастаған елдің ұрпағы ғұмырлы болатынын Қазақстанның өз өсу жолы, даму стратегиясы айғақтады. Бүгін болашақ еліміздің халықаралық мінбедегі абыройынан, жанұяда қалыптасқан дәстүрден, балабақшаға аяқ басқан сәбидің тәрбиесінен, мектеп табалдырығын аттаған  балалардың оқу бағдарламасынан, білікті маман болуға талпынған түлектің саналы жоспарлауынан бастау алатынын уақыт дәлелдеді.

Өздеріңізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, барлығымызға сәттілік тілегім келеді.

Iatkl | www.iatkl.kz | Казахстан

Құрметпен,

Бірлестік президенті ф.ғ.д.,профессор Салқынбай А.Б.

Бірлестік тарихы

_DSC6530.jpg

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Назарбаев Университетінде өткізілген «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты Халықаралық симпозиум жұмысы нәтижесінде құрылған Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі /әрі қарай Бірлестік/ мемлекеттік емес қоғамдық ұйым болып табылады.

Қазақ тіліндегі қысқартылған нұсқасы – ҚТОХБ.

Орыс тіліндегі аудармасы – Международное объединение преподавателей казахского языка – МОПКЯ.

Ағылшын тіліндегі нұсқасы – International Assosiation of Teachers of Kazakh Languages – IATKL.

Iatkl | www.iatkl.kz | Казахстан

Бірлестік видеосы
bottom of page