top of page

Бірлестіктің мақсаты:

Қазақ тілі мәселелерінің ғылыми-теориялық, педагогикалық қорын нығайту және тарату, әлемдегі тілдік білім берудің үздік тәжірибелерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Бірлестіктің міндеттері:

  • Рухани жаңғыру мен ұлттық жады тұғырнамасы ретінде қазақ тілінің оқытылу, зерттелу бағыттарын кеңейту.

  • Қазақ тілін оқыту саласы бойынша  Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен бірігу, байланыс орнату.

  • Қазақ тілін оқыту саласы бойынша  Орталық Азия, Қытай, Жапония, Корея, Ресей Федерациясы, Түркия, Еуропа, Солтүстік Америка және тағы басқа әлем елдерімен өзара ынтымақтастықты дамыту.

  • Дүние жүзі қазақ және түркі тілдері оқытушыларының халықаралық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында түркі тілдерін оқыту сапасын арттыруға бағытталған кәсіби ұйымдармен, Американдық түркі тілдері оқытушыларының қауымдастығымен (AATT), Түркиялық Türkçe Öğretim Merkezleri (ТÖМЕR), Юнус Емре институтымен және оның филиалдарымен ынтымақтастықты арттыру.

  • Қазақ тіл білімі, елтану, тіл оқыту мен салыстыра-салғастыра талдау бағытында ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылымаралық байланысты нығайта отырып, пікір алмасу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру.

  • Тілдік білім беру саласындағы оқыту әдістемелері мен инновациялық технологиялардың соңғы жаңалықтарын жинақтау, тарату және өзара тәжірибе алмасу.

  • «Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің» (ICTKL) жиналыстары мен кездесулерін ұйымдастыру.

Бірлестіктің стратегиялық бағыттары

bottom of page